"Паршалап тастады". Маман нокауттан кейін Жұмағұловты UFC-де не күтіп тұрғанын айтты

7 желтоқсан 2021 09:25
©

Қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың анголалық Манел Капеден нокаутпен жеңілуі күтпеген жағдай болды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында MMA Plus порталының журналисті Бен Смит осындай пікір білдірді.

Бірінші раундта. Жалғас Жұмағұлов UFC-де нокаутпен жеңілді

"Капе жарқын жеңіске жетті. Қарсыласын паршалап тастады. Жұмағұловта UFC-мен келісімшарт бар, ол әлі сегізбұрышқа оралады. Алайда дәрежені көтеру туралы ойламай-ақ қоюға болады. Қазақстандық спортшының жұдырықтасу стилі көрерменді тартпайды және ол медиалық тұрғыда да танымал емес. Оның үстіне үшінші рет жеңіліп тұр.

Жекпе-жектің өзі қызықты өтті. Қарсыластар соққы алмасты. Капе қарсыласының белсенділігіне шыдас беріп, өз сәтін жібермеді. Нокдауннан кейін Жалғаста мүмкіндік қалмады. Бұл айтарлық тамаша айқас болды және күтпеген нокаутпен аяқталды", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport