"Өзіңе сенімді емессің...". Рахмонов UFC-дегі "официантқа" тағы да үн қатты

©instagram.com/shavkat_rakhmonov94

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) америкалық Джефф Нилге (15-4) үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахмонов Instagram желісінде сторис жариялады: "Өзіңе сенімді емес екенсің, ол үшін кінәләмаймын, бірақ, жекпе-жекке қашан келісесің?" - деп жазыпты Рахмонов.

Еске салайық, Рахмонов Нилді бұрын да айқасқа шақырған. 

Айта кетейік, Нил "официант және бармен" бағытында білім алған. Ол тіпті бір орында официант болып он жыл істеген. Ол жұмыстан UFC-дегі бесінші жекпе-жегінен кейін ғана кеткен. Ал пандемия кезіндегі барлық спорттық шаралар тоқтатылған аралықта қайтадан қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істепті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport