Өзіндік сенсация! Аты беймәлім файтер атақты ресейлікті 20 секундта нокаутқа түсірді

27 тамыз 2022 09:35
©RCC

Ресейдің Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жек пен кикбоксингтен RCC 12 (Russian Cagefighting Championship) турнирі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кештің басты айқасында Bellator чемпионы болған 38 жастағы ресейлік Александр Шлеменко 33 жастағы сербиялық Александр Иличтен жеңіліп қалды. Сербиялық тіземен тепкенде Шлеменко есін жоғалтып ала жаздап құлады, Илич бірден шабуылын аяқтауға кірісті. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл айқас бас-аяғы 20 секунд өтті. 

Осылайша, карьерасында 75 жекпе-жек өткізген Шлеменко 14-рет жеңілді. Ресейлік 61 кездесуінде жеңген және бір айқасы есепке алынбаған. 

Илич 19 жекпе-жекте 14-рет жеңіп отыр, қалған бес айқасында ол жеңілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: