Единоборства
Кеше 22:03

"Өзбекстанды үнсіз қалдырды". Қазақ файтер қарсыласын бір минутқа жеткізбей құлатты

©

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Көшен Ақанов Бұхара қаласында өткен бахрейндік Brave 103 пен өзбекстандық ATF ұйымдарының бірлескен турнирі аясында мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Көшен Ақанов жергілкті спортшы Сардор Худойбердиевті нокаутқа түсірді. Айта кетейік, Худойбердиев бұған дейін жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық "OCTAGON" лигасының чемпиондық белбеуіне иелік еткен.

Бұл Көшен Ақановтың карьерасындағы жетінші жеңісі, ол тек бір кездесуінде жеңілген. Ал Сардор Худойбердиев тоғыз жеңісіне қарамастан, төртінші рет жеңіліс тапты.

"Көшен Ақанов Өзбекстанды үнсіз қалдырды. Ол Сардор Худойбердиевті бір минутқа жетпей нокаутқа түсірді!" - делінген бейнежазбаның сипаттамасында.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport