Өзбекстандық ММА файтері Ильхом Назимов (13-3) Rizin FF турниріндегі титулды жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жапонияның Сайтама қаласында өткен кештің басты айқастарынның бірінде Назимов бразилиялық Роберто де Соузамен (20-4) жұдырықтасты.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бар болғаны 13 секундқа ғана созылды. Назимов бразилиялықты аяққа өту әрекетін тіземен күтіп алып, ауыр нокаутқа түсірді.
Осылайша, Ильхом Назимов Rizin FF ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы атанды.
Айта кетейік, Назимов бұл жекпе-жекке аз қалғанда басқа спортшының орнына шығып отыр, ол жарақатына байланысты турнирге қатыса алмаған жапониялық Шунта Номураны алмастырған болатын.
Ал кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Раджабали Шайдуллаев (16-0) жапониялық Микура Асакураны (19-6) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай жеңіл салмқата,ы чемпион атағын қорғап қалды.