Қазақстандық файтер Арман Әшімов Алматыда өткен NFC турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақ спортшы әзірбайжандық Серхан Валилиді бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Арман үшін бұл карьерасындағы 12-ші жеңіс болды, сонымен бірге, оның үш жеңілісі мен бір тең түскен кездесуі бар. Бұған дейін кейінгі рет ол шаршы алаңға 2019 жылы шыққан еді. Әшімов қазіргі таңда қатарынан төрт жеңіс сериясымен келеді. Ал Валили үшінші рет жеңіліп отыр, мұнан бөлек ол алты рет жеңіп, бір рет тең түскен екен.