Балуан Шолақ спорт кешенінде "Alash Pride" клубының ұйымдастыруымен "Алаш Айбары" атты халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
66 келіге дейінгі салмақта "Alash Pride" командасының "арланы" Ержан Естанов (14-6-1) қырғыздың "WEF" командасының өкілі Қалыбек Жанибекұлы (лақап аты "Көкжал", 3-0-0) төрешілердің шешімі бойынша жеңді.
- Жекпе-жекке қырғыз "қасқыры" мен қазақтың "қасқыры" шықты. Сіздердің қолдауларыңызбен, құдайдың қалауымен қазақтың "қасқыры" бұл кездесуде басым түсті.
- Жекпе-жек көңіліңнен шықты ма?
- Сәл ойлағанымдай болмады. Бастысы жеңіске жеттім.
- Кездесу барысында бар күшіңді салмағаның көрініп тұрды...
- Иә. Мен жекпе-жек 3 раундқа созылады деп ойладым. Үшінші раундта бар өнерімді көрсетемін деп ойлағанмын, алайда кездесу 2 кезеңге ғана созылды.
- Көбінесе қарсыласыңды қылқындыруға тырыстың...
- Жоқ, жоқ. Өткен кездесулерімде қарсыластарыма қылқындыру әдісін қолданамын деп жеңіліп қалған болатынмын. Сол себепті қателігімді қайталамауға тырыстым. Жекпе-жекке қойылған мақсат, қарсыласымды қылқындырудан гөрі, соққының астына көбірек алу болды.
- Қарсыласыңыз мықты тұстарын атап өтсеңіз.
- Қырғыз спортшысы физикалық тұрғыдан мықты. Соққысы да ауыр.
- Қарсыласыңыз соңғы сәтте ауысты. Жаңа қарсыласыңызды зерттеуге уақыт аз болған жоқ па?
- Иә, зерттеу қиынға түсті. Алайда түптің түбінде қос спортшымен де жекпе-жек өткізер едім. Сол себепті кездесуге шыққанда қобалжу болған жоқ.

Жарнама