Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-5) осы жексенбіде UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Белгілі ресейлік журналист Игорь Лазорин Vesti.kz тілшісіне бұл айқас туралы не ойлайтынын айтты.
Бұл кездесуде Arlan MMA Pro Team командасындағы 32 жастағы қазақстандықтың қарсыласы германиялық Халид Таха (13-3-0-1) болады. Жекпе-жек 18 шілдеде Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 31 турнирінің кардына белгіленген.
"Таха - өте қауіпті спортшы. Ол - әмбебап, сондықтан барлық жағынан қиындық тудыра алады. Ал Морозовтың артықшылығы - тәжірибе мен салқынқандылық. Сергей үшін UFC-де бірінші жеңісіне жету маңызды, сондықтан, ол асықпай әрекет етеді деп ойлаймын. Бастысы оған жақсы нәтиже керек", - дейді сарапшы.