"Өте ауыр айқас болады". Белгілі файтер Шавкаттың қарсыласының мықты жағын атады

11 қазан 2023 11:41
©timeskz.kz

UFC-де өнер көрсететін белгілі америкалық файтер Балал Мухаммад алдағы Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Меніңше, адамдар Шавкаттың күресін толық бағаламайды немесе асыра сілтеп жібереді. Әрине, ол мықты файтер. Джиу-джитсуы да сапалы. Бірақ біз оның қарсыласы мүмкіндік берген жағдайдан өзге кезде шабуылдап күрескенін көрмедік. Ал "Вандербой" онымен мүлде күреспейді деп ойлаймын. Екеуі де тік тұрып айқасады деген ойдамын. "Вандербой" - соққы жасаудан әлемдегі ең мықтылардың бірі, сондықтан бұл жекпе-жек көпшілік ойлағандай емес, өте ауыр өтеді. Дегенмен Шавкат өте мықты және жеңіске жол таба біледі. Бұл жекпе-жекті тамашалауға асықпын", - деп береді Белалдың сөзін MМА junkie. 

Рахмонов - Томпсон кездесуі 16 желтоқсан Лас-Вегестағы UFC 296 турнирінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport