Единоборства
5 маусым 2021 12:09

Осыған дейін еш жеңілмеген қазақ файтер белгілі промоушендегі алғашқы айқасында нокаутқа түсті

Сурет: instagram.com/bravemmaf/

Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-1) кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңілді. Қазақ спортшы Азиялық белгілі Brave CF промоушені Минскте өткізген турнирде шаршы алаңға шыққан еді, деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы Ринат бұған дейін WEF Selecion, ZZ Promotions, Triumph Fights, Alfa FC, Octagon Promotion және Aikol FC лигаларында өнер көрсетіп, бүгінгі күнге дейін еш жеңілмеген болатын. Беларусь астанасында өткен айқаста қазақстандық спортшының қарсыласы 26 жастағы жергілікті Денис Магер (8-0) болды.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек бірінші раундта нокаутпен аяқталды.

Бұл кездесу қазақ файтердің карьерасындағы оныншы жекпе-жек болды. Осыған дейінгі тоғыз айқастың бәрінде ол мерзімінен бұрын жеңіске жеткен - бес нокаут және төрт сабмишен.