Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық Дияр Нұрғожайдың (10-1) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі жеңілісіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, қазақ файтер 16 наурыз Лас-Вегаста өткен турнирде бразилиялық Брендсон Рибейродан (17-7) жеңілді. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңілу болды.
Сарапшының сөзінше, Диярдың жеңілуі ментальді тұрғыда дайын болмауының салдарынан.
"Дияр қобалжуын бас алмады деп ойлаймын. Әдетте дебют айқаста адам қатты толқиды, содан өзін толықтай көрсете алмайды. Осы жолы да солай болды. Екінші жекпе-жек басқаша болады. Дияр мен менеджеріне қарсылас таңдауда мұқият болған жөн. Бірінші айқас хайп үшін жасалды, солай ғой. UFC-дегі бірінші айқаста бірден Брендсон Рибейромен болғаны дұрыс емес", - дейді Гаджиев өзінің YouTube арнасында.
Жарнама