"Осал жері жоқ". Шетелдік сарапшы Шавкат UFC-дегі ең қауіпті проспекттердің біріне айналғанын айтады

Шавкат Рахмонов. Сурет: UFC

Қазақстандық Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті әдемі жеңіп, жартылай орта салмақтағы қаһарлы жауынгерлердің біріне айналды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында allaccessmma.com порталының шолушысы Роб Бартл осындай пікір білдірді. 

"Бұл сенімді әрі жарқын жеңіс болды. Празерес Рахмоновқа қарсы ештеңе істей алмады. Қазақстандық қатарынан екінші қарсыласын әдемі жеңіп отыр. 

Шавкат Рахмонов - жартылай орта салмақтың қауіпті өкіліне айналды. Шаршы алаңға шыққанда оның осал жері жоқ. Бұл салмақты және қарапайым жігіт өз салмағында кез келген қарсыласқа қиындық тудырып береді. Қазірден бастап оны рейтингтің топ-15 тізіміне кіргізу қажет. Кейінгі уақыттағы ең мықты проспекттердің бірі. Оған бәсекелес болатын мықтырақ қарсыластар қажет және көбірек айқас өткізу керек. Шавкатқа қазақстандықтар ғана жанкүйер емес, олардың арасында жергілікті көрермендер бар. Шавкат кардта болса, сөзссіз тамаша жекпе-жек болатынын білдіреді", - дейді Бартл. 

Метки: