"Оны тек ұйықтату керек". Қазақ файтер UFC чемпионы және Хамзат Чимаевпен жекпе-жек жайлы

26 қараша 2021 08:52
Twitter / @btsportufc

UFC промоушеніндегі қазақ файтер Шавкат Рахмонов тегі шешен швециялық спортшы Хамзат Чимаевпен жекпе-жек туралы ойын айтты.

"Маған күнде жазады: "Чимаевпен қашан жұдырықтасасың? Сындыр оны!" деп. Мен айтамын: "Асықпаңдар, уақыты келеді, айқасамыз. Ол қазір ілгерлеп кеткен - оны жекпе-жекке шақыру қайда маған? Әрине ол хайпта, жақсы көтерілді. Мен ештеңеден қорықпаймын, бірақ, бос сөзді ұнатпаймын. Шынымен мүмкіндік болғанда кездесеміз.

Соңғы айқасында өзін жақсы көрсетті. Жақсы белдеседі, ал соққы жасау жағын білмеймін - әзірге онысын аса көрсетіп жүрген жоқ. Бірден аяққа кіреді. Ол тік тұрып қалай жұдырықтасатынын көргім келеді - өткізіп алып, жауап беріп дегендей - міне сол қызық. Тағы бір-екі айқаста жеңсе, чемпиондық жекпе-жекке шыға алады", - дейді Шавкат Instagram арқылы журналист Игорь Лазоринге. 

Сонымен бірге, Рахмонов дивизиондағы қазіргі чемпионға қатысты пікір білдірді: "Усман Камару физикалық тұрғыда өте мықты, демін үзбейді. Ол таңдандырады, әсіресе бұлшық етімен. Оны тек есінен тандыру керек, басқаша жеңе алмайсың. Оны ұйықтату қажет. Онымен жұдырықтасу маған әлі алыс". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport