"Оны менімен бір торға қамайды". Фергюсон Нурмагомедовпен жекпе-жекке қалай жаттығып жатқанын көрсетті

9 қаңтар 2020 16:24
© mmaboxing.ru
Амеркиалық ММА файтері Тони Фергюсон жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жекке дайындығын көрсетті. 

Іnstagram желісінде жарияланған виедода Фергюсон партерде жатқан қарсыласты ұру техникасына дағдыланып жатқаны көрінеді. "Енді оны менімен бір торға қамайды. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Хабибтің артынан бара жатырмын", - деп жазыпты файтер. 



Фергюсон мен Нурмагомедов 18 сәуір Бруклиндегі UFC 249 турнирінде жұдырықтасады. Екі спортшының жекпе-жегі осыған дейін төрт рет өтпей қалған. 

Нурмагомедов қыркүйекте Дастин Порьені жеңіп, UFC чемпионы титулын қорғап қалған. Фергюсон кейінгі кездесуінде Дональд Серронені жеңді.

Фергюсон 28 жекпе-жектің жиырма бесінде жеңді де, үшеуінде жеңілді. Ал Нурмагомедов 28 кездесудің барлығын өз пайдасына аяқтаған.