UFC ұйымының жеңіл салмақта бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов әлемдегі ең мықты промоутер болғысы келетіні туралы мәлімдеді. Қазір ол Eagle FC лигасының басшысы, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Мұнымен өмір бойы айналысып келемін. Командада жасым үлкен болғандықтан бар жауапкершілік менде. Файтер болған кезде де бапкер сияқты жүрдім. Әкем бапкер болғасын маған да берілді.
Менде бұл жағынан тәжірибе бар. Файтер болып бапкерлікке өткен емес. Мен UFC-ге келгенге дейін бапкер болдым. Әкемнің залында үш-төрт жыл балаларды жаттықтырдым.
Енді мен ең мықты промоутер болғым келеді. Бұл жерде екінші немесе үшінші болу үшін емеспін. Бірнеше жылдан кейін адамдар кімнің кім екенін түсінеді", - деп береді Хабибтің сөзін Sky Sports.