Единоборства
8 шілде 2020 11:29
 
"Өлтіріп" тастай аламын. Бразилиялық спортшы UFC турнирінде қазақ файтерді есінен тандырмақ

  Пікірлер

blog.share

"Өлтіріп" тастай аламын. Бразилиялық спортшы UFC турнирінде қазақ файтерді есінен тандырмақ Сурет: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Бразилиляық MMA файтері Раулиан Пайва қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Спортшының сөзін ESPN беріп отыр.

Жекпе-жек 11 шілдеге белгіленген UFC 251 турнирінде өтеді. Жако үшін бұл UFC ұйымындағы алғашқы кездесу.

"Жақсы айқас болады. Жұмағұлов UFC-ге жаңадан қосылады, сондықтан өзін көрсету үшін барын салады. Алайда мен небір ауыр жекпе-жектерде жұдырықтасқанмын, тәжірибем көбірек. Тек жеңіске жетемін. Ол тепкенді ұнататынын білемін, бірақ, мен одан джиу-джитсу есебінен басым түсемін. Нокаутқа түсіретін жол іздеймін. Соққыларым ауыр, ал менің тепкенім батқанда ол тейкдаун іздей бастайды, бұл жерде де мен оны "өлтіріп" тастай аламын. 

Бұл кездесуде Жұмағұловқа қатты қысым жасаймын, осыған байланысты онда психологиялық қиындықтар туындайды. Ал мен бәріне дайынмын. Ол UFC-де өнер көрсетіп жүрген жігіттермен жұдырықтасқанын білемін, ал мен Рожериу Бонторин мен Кай-Карой Франс сияқтылармен айқасқанмын. Олар қайда мықты жігіттер", - дейді Пайва. 

Жарнама

Живи спортом!