Оливейра Хабибті UFC-ге "қайтаратынын" айтты

© UFC

UFC-дің жеңіл салмақтағы көшбасшысы Чарльз Оливейраның (33-8-0-1) келесі қарсыласы анықталды. Барзилиялық келесі кездесуін ресейлік Ислам Махачевпен (22-1) өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sports.ru.

Бұған дейін 32 жастағы чемпион ақшалай сыйлық үшін Конор МакГрегормен (22-6) төбелескісі келетінін айтқан еді. Ал енді Оливейра рейтингте төртінші тұрған Махачевке көз тіккен сыңайлы. 

"Мен Исламды жеңемін. Жеңіл салмақты проблеманың аты - Чарльз Оливейра. Конорды ұмытыңыздар, осы кездесуді ұйымдастырайық. Оливейра Махачевке қарсы, Барзилияда. Мен оны сабаймын, ал одан кейін мүмкін Хабиб менімен төбелесу үшін октагонға қайта оралып қалар. Мен Исламды жеңемін, содан кейін Хабибді UFC-ге қайтарамын. 

Оливейраның қоржынында қатарынан 11, ал Махачевте 10 жеңіс бар.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport