Олимпиадаға бара ма? Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы күреске қайта оралды

Сурет спортшының архивынан алынды.
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Артем Резников күреске қайта оралды. Бұл туралы Қазақстанның греко-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы әлеуметтік желіде хабарлады. 

Мұндай Резников пандемияға байланысты ММА спортында болып жатқан үлкен үзіліске байланысты шығарыпты. 

"Қазақстан мен ТМД елдерінің үздік спртшысы күреске қайта оралып, 2020 жылғы Қазақстан біріншілігіне қатыспақшы. Күрестен Қазақстан чемпионаты 23-30 қараша аралығында Ақтөбе қаласында өтуі мүмкін. 

Ақпарат бойынша, ол Олимпиаданың бағдарламасына кіретін 74 килода өнер көрсетуге ниетті. 

Баршаңызға белгілі, 74 килоға дейінгі салмақта Қазақстанның лидері әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Данияр Қайсанов. 

Егер жоспарланған Қазақстан чемпионаты өтетін болса, онда Артем Резниковтің әлем рейтингінде үшінші, 74 килода Азияның үздік балуанына қарсы мүмкіндігі қандай?", - деп жазылған федерация таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, 20 қыркүйек күні Резников Мәскеу қаласында өткен ACA 111 турнирінде жеңіске жетті. Бұл жеңістен кейін ол ресейлік Магомед Исмаиловты жекпе-жекке шақырды. Ресейлік спортшы бұл ұсынысты қабыл алған да еді. 

Айта кетейік, Исмаилов жазда өзінің отандасы, танымал Александр Емельяненконы жеңіп кеткен болатын. 






Метки: