Единоборства
30 қаңтар 2020 09:20

"Ол өте қауіпті". UFC-дегі бірінші қазақстандықтың қарсыласы жекпе-жеке қатысты мәлімдеме жасады

© Lowking.pl
Шавкат Рахмоновтың (12-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қарсылас болатын польшалық Бартош Фабински (17-3) өзінің жеңетініне сенеді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол қазақстандық файтердің мықты жақтарын атады. 


"Үзілістен кейін октагонға оралғым келді, сондықтан UFC-ден жауап күттік. Электронды күйде қарсыласымыздың аты жазылған хат келді - Шавкат Рахмонов.

Бапкерім оны М1 чемпионы ретінде біледі, бірақ, мен жеңетініме сенемін. Қарсыласымды сыйлаймын, Шавкат партерде де, жұдырықтасқанда да өте қауіпті. Жан-жақты файтер, жас, жылдам, дәлдігі де жақсы. Дегенмен менің дағдыларым жетерлік деп ойлаймын.

Бұл менің жекпе-жегім - қазіргі кездегі мен үшін ең маңызды оқиға. Оған дейін күн санап жүрмін. 

Польша тауларындағы ауыр жаттығу лагерінен келдім. Енді Варшавадағы WCA Fight Team залында қаламын. Біздің зал Еуропадағы ең мықтылардың бірі. Сондықтан толық дайын боламын.

Рахмонов мен үшін үлкен сын болады, бірақ, жекпе-жектен кейін менің қолымды жоғары көтереріне сенімдімін", - дейдіФабински.