"Ол маған "гильотин" әдісін жасағысы келді". Дастин Порье Конормен өткен айқасы жайлы

11 шілде 2021 17:47
сурет: getty images

"Мен үшін жекпе-жектің сәтті өткеніне қуаныштымын. Ол маған "гильотин" әдісін жасағысы келді. Алайда онысынан түк шықпады. Бүгінгі таңда екеуміздің арамызда кімнің мықты екенін кезекті рет дәлелдедім", - дейді Порье. 

Еске салайық, UFC 264 турнирінің бірінші раундында аяғын қайырып алған ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен қарсыласына жеңілген болатын. Осылайша МакГрегор мен Порье арасындағы үшінші кездесуде америкалық спортшының мерейі үстем болып отыр. Конор осы айқасы үшін 10 млн АҚШ долларын алса, Порье 3 млн доллар табыс табады. 

Метки: