UFC-дің жартылай орта салмақтағы америкалық файтері Шон Брэди (19-2) жеңіліс көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (19-0) тізе жарақаты ұзаққа созылғаннан кейін, оның жекпе-жекке қайта оралатынына күмән келтірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Брэди Рахмоновтың оралуына сенбейді
Америкалық файтердің пікірінше, қайталана беретін жарақаттар Рахмоновқа толыққанды жаттығу жиынын өткізіп, қайтадан октагонға шығуға мүмкіндік бермеуі мүмкін.
"Шавкат енді ешқашан жекпе-жек өткізбейді деп ойлаймын. Меніңше, ол карьерасын аяқтады. Өйткені ол әркез оралуға тырысқан сайын, тізесі қайтадан сыр береді. Ол толыққанды жаттығу жиынын өткізе алмай жүр. Менде тіземе қатысты ешқашан мәселе болған емес, бірақ, мұндай жарақаты бар адамдарды көрдім. Бұл жарақаттар қайталана береді. Ал жаттығу жиыны - ең қиыны", - деді Брэди UFC аңызы Дэниэль Кормьемен бірге подкаст эфирінде.
Sean Brady believes Shavkat Rakhmonov may never fight again because his knee ??
— FREAK.MMA (@FREAKMMA1) August 20, 2026
“I don’t think Shavkat is ever going to fight again. I think he’s done because every time he tries to come back, his knee just keeps going out. He just can’t make it through a camp.”
( via @dc_mma… pic.twitter.com/b39FoVawz1
Рахмонов бір жарым жыл жекпе-жек өткізген жоқ
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Сол кезде қазақстандық файтер ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңді.
Осыдан кейін Рахмоновтың тізесі сыр беріп, ол ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды. Ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбегендіктен, кейін қазақстандық спортшы UFC рейтингінен шығарылды.
Брэди бұған дейін қазақстандықты жекпе-жекке шақырған
Брэди де Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта және қазіргі таңда UFC рейтингінде алтыншы орында тұр. Америкалық файтер 2025 жылы қазақстандық спортшыны жекпе-жекке ашық түрде шақырған болатын.
Енді Брэди бұл жекпе-жектің өтетініне күмән келтіріп отыр.
Айта кетейік, Рахмоновтың командасы қазақстандық файтердің қалпына келгеннен кейін әлемдегі ең үздік лигада өнер көрсетуін жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Ол2027 жылдың басында окатагонға оралады деп жоспарланған.
Жарнама