Қазақстандық спортшы Сергей Морозов жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында келесі жолы кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 31 турнирінде қазақстандық файтер төрешілер шешімімен германиялық Халид Таханы (13-4-0-1) жеңді.
- Бізде басынан-ақ жекпе-жекке нақты жоспар болды, мен соны еш бұлжытпай ұстандым, - дейді Морозов.
- Сен жұдырықтасқың келетін қарсылас бар ма?
- Иә, Пайва. Ол читер. Пайва, мен дайынмын.
- Неге Пайва?
- Өйткені ол читер (Читинг - алаяқтық, арамдық, қулық), салмақ лимитін орындамайды, ол менің досым - Жалғас Жұмағұловпен жекпе-жекте жеңіске лайықты болған жоқ. Спорттық мүддем бар, былайша айтқанда, есемізді қайтарғым келеді.
Еске салайық, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі бірінші жекпе-жегінде бразилиялық Раулиан Пайвамен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген еді.