Оққағар керек емес, өзімнің шамам келеді - UFC-де Рахмоновтың бәсекелесі саналатын файтер

7 қыркүйек 2022 09:48
©instagram.com/khamzat_chimaev/

UFC промоушенінде жартылай орта салмақта өнер көрсететін швециялық Хамзат Чимаев ESPN арнасына берген сұхбатында аты шығып келе жатқанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"

- Танымал болып кеткенің не өзгертті?

- Адамдардың есі шығып кетеді, кейде бұл ауыр. Таңғысын тұрып, кофеге бара жатсаң, біреу айқайлайды: "Эй, бәрін қират! Өлтір бәрін!". Бауырым, сағат таңғы 7, мен енді ғана жаттығуға жиналып жатырмын. Бірақ адамдар мені жақсы көреді, ал мен адамдарды. 

- Конор МакГрегор оққағарсыз ешқайда шыға алмайды. Мұны көргенде "Мені де осындай күтіп тұр" деп ойламайсыз ба?

- Маған оққағар керек емес, бауырым. Әр нәрсеге өзімнің шамам келеді. Мен кәдімгі адамның өмірін сүргім келеді. Кейін балаларым болса, оларды мектепке апарып дегендей. Отбасын асырап, жаттығып, қызықты бірдеңелер жасап. 

11 қыркүйекте Чимаев Лас-Вегастағы UFC 279 турнирінде Нейт Диаспен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Чимаев пен қазақстандық Шавкат Рахмоновты жиі салыстырады, екеуі де жеңілмеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport