Нурмагомедовтың әкесі Хабиб карьерасын аяқтайтын уақытты атады

31 қазан 2019 11:20
© fightnews.info
Хабиб Нурмагомедов үш-төрт жекпе-жектен соң спорттық мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы оның әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов YouTube желісіндегі Fight Nights Global-каналына берген сұхбатында айтты.

Нурмагомедовтардың үлкені Хабибтың келесі қарсыласы Тони Фергюсон болуы керектігін айтады. Әкесінің айтуынша, осы кездесу UFC тарихындағы ең үздік болуы тиіс.

"Бұл наурыз-сәуірде болуы мүмкін. Менің ойымша, оның қарсыласы Фергюсон болуы керек. Бұл UFC үшін ең ірі әрі промоушен тарихындағы ең тартысты кездесу болатыны анық. Не үшін екенін түсіндірейін: қатарынан 12 кездесуде жеңімпаз болған ешкім жоқ, тек екеуінде ғана бар. Хабиб 28 жекпе-жекте жеңімпаз атанған. Осы кездесу Ресейде өткенін қалаймыз",  деді спортшының әкесі.

2018 жылдың сәуір айында Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта абсолюттік аралас жекпе-жек чемпионатында (UFC) чемпион атанды. Осыдан кейін ол титулды екі рет қорғады. Ал бір жылдан кейін ол американдық Дастин Порьеден басым түсті.

Нурмагомедовтың активінде 28 кездесуде 28 жеңіске жетті. Ол салмақ дәрежесін сепке алмағанда, UFC  рейтингісінде екінші файтер болып есептеледі.