Нурмагомедовтің бауыры қазақстандық спортшымен кездеседі

29 шілде 2020 10:41
Сурет: instagram.com/khabib_nurmagomedov/
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов 31 шілде күні Абу-Даби каласында өтетін кездесуде өнер көрсететін немере бауырына сәттілік тіледі. 

UAE Warriors 12 турнирінде өнер көрсететін Усман Нурмагомедовтің қарсыласы қазақстандық Еркін Дәрменов болады. 

"Жаттығу жалғасуда. Усман 31 шілде күні Абу-Дабиде өнер көрсетеді. Сәттілік саған, бауырым!" - деп жазды Хабиб Нурмагомедов. 



Усман Нурмагомедов аралас жекпе-жекте он кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал Дәрменов болса жеті кездесуде жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. 



Метки: