Нурмагомедовтер әулетінің мүшесі Хабибтің әкесінің жағдайында қандай өзгеріс барын айтты

3 маусым 2020 13:03
Сурет: Allboxing
Ресейлік файтер Умар Нурмагомедов жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедовтің жағдайы туралы айтты. 

Әкесі COVID-19 жұқтырған Хабиб коронавируске тексерілуден бас тартты

"Анық дерегім, нақты бір жаңалық жоқ. Ағамыздың жағдайы тұрақты ауыр. Жағдайы ақрындап жақсарып келеді, бірақ, аса бір жағымды жаңалық болмай тұр", - дейді Умар Нурмагомедов Instagram желісіндегі Gorilla Fighting аккаунтының эфирінде.



Еске салайық, 57 жастағы Абдулманап дәрігерлер қозғалмауды сұрағанына қарамастан жаттығулар жасап жүрген екен. 24 сәуірде ол Махачкаладағы ауруханаға түседі. Бастапқыда одан вирусты пневмония анықталған. Кейін жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түседі. Дәрігерлер сөзінше, Абдулманап Нурмагомедов бастапқыда коронавирусқа тест тапсырудан бас тартқан.

"Жағдай өте ауыр". Хабиб әкесі мен коронавиурс жайында мәлімдеме жасады