MMA
9 қазан 2018 10:58
 
Нурмагомедовпен жекпе-жектен кейінгі төбелес үшін МакГрегор де жазалануы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Нурмагомедовпен жекпе-жектен кейінгі төбелес үшін МакГрегор де жазалануы мүмкін © MMABoxing

Ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жектен кейін болған төбелес үшін ирландиялық файтер Конор МакГрегор де жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы ESPN басылымына Невада штатының атлетикалық комиссиясының төрағасы Энтони Марнелл мәлімдеді. 

6 қазан Лас-Вегаста өткен UFC 229 турирінде Нурмагомедов төртінші раундта МакГрегорды тұншықтырып тастаған еді. Осыдан кейін ол октагоннан асып түсіп, ирландиялықтың досына атылды. Мұның арты жаппай төбелеске ұласты.

Осының салдарынан Нурмагомедовке октогон ішінде белбеу тағылмады және оған гонорар төлеу шегерілді. Алайда ұйым басшысы ресейліктің бұл жағдайдан кейін белбеуінен айырылуы мүмкін екенін жоққа шығарды.

Өз кезегінде МакГрегор гонорарын кедергісіз алды. Алайда жекпе-жек күні қолжетімді болмаған видеожазбаны көрген атлетикалық комиссия ирландықтың әрекетіне де баға бермек. 

"Біз Хабиб Нурмагомедовке және Конор МакГрегорге қарсы құжат тапысрамыз. Біз бір гонорарды ұстап қалғандықтан, сондықтан шағымнан тыңдауға көшуіміз керек. Біз бір файтердің гонорарын 100 пайыз ұстап қалдық, алдағы екі тәулікте барлық шағымдарды жинап алу қажет", - дейді Марнелл. 

Мұның алдында NSAC төрағасы Нурмагомедовты қандай жаза күтіп отырғанын айтқан.

Жарнама

Живи спортом!