Нурмагомедовке қатысты қылмыстық істе күтпеген өзгеріс болды

15 қараша 2021 10:44
©championat.com

Ресейлік ММА шебері Усман Нурмагомедов Махачкала әуежайында полицейді көлікпен қағу ісінде айыпталушы болмайды. Бұл туралы РИА Новости күш құрылымдарына сілтеме жасап хабарлады.

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі бұл істе куәгер ретінде өтеді, оған ешқандай шектеу шарасы қолданылмайды. Ал айыпталушы оның досы Камал Идрисов болады, оны қазір екі ай үй қамағына жіберді. 

13 қараша Нурмагомедов пен Идрисовті Мәскеуге ұшып келе салысымен полиция күтіп алып, тергеушіге алып келгені хабарланған еді. 

Бес жылға сотталуы мүмкін. Хабибтің інісінің тұтқандалуына қатысты мән-жай белгілі

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport