Нурмагомедов Порьемен жекпе-жек үшін UFC тарихында рекордты гонорар алып отыр

9 қыркүйек 2019 11:38
© rosregistr.ru
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың америкалық Дастин Порьемен жекпе-жегі үшін кепілді гонорары әлемдік промоушен тарихындағы рекордты болды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Ресейлік бұл кездесу үшін 6 миллион доллар алды. Осылайша, 6 миллион - жекпе-жекке дейін келісілген кепілдлі төлем болса, кештің ең тамаша жекпе-жегі үшін Хабиб 50 мың доллар және медиашаралрға қатысқанына тағы 40 мың доллар алды. Мұның ішінде Нурмагомедовке ақылы трансляция есебінен қанша төленетіні көрсетілмеген, бұл сомма кейін есептеледі.

Басылым мәліметінше, 6 миллион доллар көлеміндегі төлем UFC тарихында рекордты болды.

Мұның алдындағы ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегормен жекпе-жек үшін ресейлік файтер 2 миллион доллар алған.