Нурмагомедов пен қазақстандық файтерлер қатысатын UFC турнирі жанкүйерсіз өтеді

14 қыркүйек 2020 14:09
Сурет: Getty Images©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек жанкүйерлерсіз өтеді. Бұл туралы ресейлік спортшының өзі айтты,-деп хабарлайды "Чемпионат".

Кездесу 24 қазан күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" болады. Бұл айқаста Нурмагомедов чемпиондық атағын қорғайды. 

"Абу-Дабиде жекпе-жекке екі апта қалғанда болу керек. Бірақ біз 40 күн бұрын келдік. Алғашқы он күнде ауа-райына бой үйрету керек. Қазан айының соңына дейін мен толық дайын боламын. Дағыстанға қарағанда шөлді аймақтың ауа-райы мүлде бөлек болады. Алайда айқасқа дейін бабыма келемін. 

Турнирге жанкүйерлер жіберілмейді. Сондықтан туысқандарым мені аренаның сыртында күте тұрады", - деді Хабиб. 

Еске салайық, бұл UFC 254 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов та жекпе-жек өткізеді. 







Метки: