Нурмагомедов пен Гэтжи жекпе-жегіне жанкүйерлер жіберілетін болды

19 қазан 2020 21:29
ESPN тілшісі Бретт Окамото Твиттерде жеңіл салмақта UFC титулы сарапқа салынатын ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи жекпе-жегі көрерменмен өтетінін жазды.

Журналистің мәліметінше, промоушенге жанкүйерлерді залға кіргізуге және UFC 254 билеттерін сатылымға шығаруға мүмкіндік беретін жоспар уақытында бекітілмеген. Жекпе-жекке шақырылған қонақтар ғана қатыса алады.

Еске салайық, UFC 254 турнирі Қазақстан уақытымен 25 қазанға қараған түні өтеді. Нурмагомедов пен Гэджидің сегізбұрышқа шығуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 2:00 шамасында күтіледі.
Метки: