Нурмагомедов қазақ спортшысына қарсы кездесуде бауырына көмектесетін болды

29 шілде 2020 15:41
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: Reuters
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов 31 шілде күні UAE Warriors 12 турнирінде өнер көрсететін немере бауыры Усман Нурмагомедовтің жекпе-жегіне баратын болды. Бұл туралы ESPN тілшісі Бретт Окамото хабарлап отыр. 

"Хабибтің менеджері Али Абдельазаз спортшының немере бауыры Усман Нурмагомедовтің бұрышында болып, көмектесетінін айтты", - деп жазды Окамот твиттер парақшасында. 

Айта кетейік, алдағы кездесуде Усман Нурмагомедов қазақстандық Еркін Дәрменовпен кездеседі. Усман  аралас жекпе-жекте он кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал Дәрменов болса жеті кездесуде жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.

Ал Хабибтің өзі Джастин Гэтжиге қарсы кездесуге дайындығына кірісті. Бұл айқас 24 қазан күні өтеді. 





Метки: