Нурмагомедов жеңіл салмақтың "патшасы" кім болатыны туралы ойымен бөлісті

3 қараша 2020 09:21
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: РИА Новости©

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов отандасы әрі командаласы Ислам Махачев жақын арада чемпиондық белбеуі атанады деп мәлімдеді. Бұл туралы "Чемпионат" порталы хабарлап отыр. 

"Жеңіл салмақтың келесі патшасы", - деп жазды Нурмагомедов  UFC ұйымының Instagram парақшасындағы Махачевтің келесі кездесуі туралы салынған постқа. 

Айта кетейік, Ислам Махачев келесі кездесуін 14 қараша күні Рафаэль дос Аньосқа қарсы өткізеді. Бұл Лас-Вегаста өтетін турнирдің басты жекпе-жегі болмақ. Ислам осы уақытқа дейін аралас жекпе-жекте 18 кездесуде жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 

Еске салайық, 32 жастағы Нурмагомедов соңғы кездесуін UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиге қарсы өткізіп, екінші раундта қарсыласына "үшбұрыш" әдісін қолданып, жеңіске жетті. Бұл кездесуден кейін ресейлік спортшы карьерасын аяқтайтынын хабарлады. 

Жалпы Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал UFC ұйымында 13 кездесуге қатысып, барлығында қарсыластарынан үстем түсті. Гэтжимен өткен кездесу Хабиб үшін әкесі өмірден өткеннен кейінгі бірінші айқас болды.

Нурмагомедов үшінші рет чемпиондық белбеуін қорғады. Бқған дейін ол Конор МакГрегор мен Дастин Порьеге қарсы кездесуде чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған болатын.  




 

Метки: