MMA
1 қыркүйек 2020 09:39

Нурмагомедов Гэтжиге қарсы кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті

Хабиб Нурмагомедов. Сурет: fightnews.info©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желісінде америкалық Джастин Гэтжимен өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 


"Жаттығу жалғасуда, кездесуге 54 күн қалды. Егер істейтін ештеңе болмаса, онда тауға жүгіріп кел. Ойыңды жинақтап, жақсы энергия жинауға көмектеседі. Шынымды айтсам, Ислам Махачев, сен үшін жүгірдім. Сен ұстаған үйрек үшін, есіңде ме?", - деп жазды Нурмагомедов Instagram парақшасында. 



Еске салайық, Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы кездесу 24 қазан күні Абу-Даби (БАӘ) қаласында  UFC 254 турнирінде өтеді.