Нурмагомедов Бенземге қазақстандық Әли Тұрғанбековке көңіл бөлгені үшін алғыс айтты

Сурет: mmalife.ru

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мадридтік "Реалдың" француз ойыншысы Карим Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездескені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Көп рақмет. Сен нағыз жігітсің", - деп жазған Нурмагомедов Instagram-да.














Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov) 7 Фев 2020 в 9:47 PST




Айта кетейік, 6 ақпанда Тұрғанбеков Испания Кубогының 1/4 финалында "Реал" мен "Реал Сосьедад" (3:4) арасындағы матчта болды. Ойыннан кейін Бензема балаға футболкасын беріп, онымен бірге футбол ойнады.


Нурмагомедов та 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанға келгенде Әлимен кездескен. Сол кезде ол да 11 жастағы Нұр-Сұлтандықпен футбол ойнаған. Ал Тұрғанбеков UFC чемпионына франциялық ПСЖ ойыншылары - Неймар, Эдинсон Кавани, Килиана Мбаппе және Тиаго Силваның қолтаңбалары бар допты сыйлаған.