Өте жеңіл салмақтағы UFC файтері Умар Нурмагомедов (16-0) қазақстандық Бекзат Алмаханмен (17-1) болатын алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп азады Vesti.kz.
Нурмагомедов қазақ файтермен айқас оңай болады деп отырған жоқ екен.
"Бұл жекпе-жек мен үшін оп-оңай болады деп ойламаймын және мен оған бей-жай дайындалған жоқпын. Мен бар күшімді салып жаттықтым. Титулға айқасатындай дайындалдым. Мен ұйықтап жүрген жоқпын. Менің қарсыласым үшін бұл үлкен мүмкіндік. Ол да қазір жақсылап тер төгіп дайындалып жатқан шығар. Сенбіде көреміз", - дейді Уамар баспасөз мәслихаты кезінде.
Нурмагомедов пен Бекзаттың жекпе-жегі 3 наурыз Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.