"Нүкте қою керек". UFC-дің экс файтері қазақ спортшымен қарымта туралы

12 қаңтар 2021 10:50
Сурет: Screen-ad.ru

Ресейлік Али Багаутинов қазақстандық Жалғас Жұмагұловпен қайта жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында бірінші жекпе-жектен кейін біраз сұрақ туындағанын айтады. 

Спортшылар 2019 жылы қазан айында Сочиде өткен Fight Nights Global турнирінде жұдырықтасқан. Жұмағұлов бұл кездесуде жеңіске жетіп, ұйым чемпионы атағын қорғап қалды. Багаутинов UFC чемпиондығына үміткер болғанын айта кетейік. 

"Жалғас Жұмағұловпен. Мен үшін маңызды жекпе-жек еді, түсінбестік пен көп сұрақ қалды. Нүкте қою керек еді", - дейді Багаутинов.