Нокаутпен жеңілсе де ақысы көбірек. Фергюсон мен Гэтжи қанша гонорар алғаны айтылды

12 мамыр 2020 11:40
Сурет: Allboxing
ММА шолуышысы Джед Гудман UFC 249 турнирінде жұдырықтасқан файтерлердің қанша табыс көргенін жария етті.

Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Джастин Гэтжи бесінші раундта Тони Фергюсонды техникалық нокаутпен жеңді. Алайда жеңілгеннің гонорары жеңімпаздікінен көп шықты - Тони 500 мың доллар, ал Джастин - 350 мың. Бұл қосымша табыстарды есептемегенде. 



Фергюсон соңғы рет 2012 жылы жеңілген. Ол кезде америкалық спортшы отандасы Майкл Джонсонға төрешілер есебімен есе жіберген. Оның осыған дейінгі 12 жеңісті сериясы жеңіл салмақтағы рекорд саналады.