Нокаутпен жеңіледі. Жұмағұловтың UFC-дегі бесінші айқасы соңғы болатыны айтылды

25 ақпан 2022 16:45
©UFC

Британиялық MMA Sport басылымының журналисті Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жалғас Жұмағұловтың (14-6) UFC-дегі келесі қарасыласы Джефф Молинаға (10-2) бағасын берді. 

"Жұмағұловта Молинаны жеңуге ешқандай мүмкіндігі жоқ. Бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі соңғы айқасы болар. Бұл жекпе-жекте Молина нокаутпен жеңеді деп ойлаймын.

Жас айырмашылығы, деңгейі де бөлек, Джеффтің күші де мығым. Қазақстандық анық аутсайдер", - дейді Смит.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport