Нокаутпен жеңді! Қазақ файтер Хабибтің лигасының чемпионы атанды

17 шілде 2022 10:55
©EFC

Қазақстандық Дәурен Ермеков (14-5) Eagle FC лигасының уақытша титулын жеңіп алды. Бұл Naiza Fighting Championship және Eagle Fighting Championship промоушендерінің біріккен турнирінде болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек кешінің басты айқасында Ермеков ресейлік Гамзат Хирамагомедовпен (9-1) бес раундты кездесу өткізді. Екінші раундта қазақ файтер қарсыласын құлатып, соққы астына алды.

Төреші жекпе-жекті уақытынан ерте тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді. Бұл кездесу бірінші раундта аяқталуы мүмкін еді, Дәурен қарсыласын есеңгіретіп жіберген болатын, дегенмен, жеңіске тек екінші раундта жете алды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport