MMA
8 шілде 2020 18:59

Нокаут немесе қылқындырып тастайды. Жұмағұловтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуі қалай аяқталады?

Fight Nights Global©
11 шілдеден 12 шілдеге ауған түні қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Осы орайда Vesti.kz тілшісі отандасымыздың Райлин Пайвамен кездесу қалай аяқталады деген тақырыпты көтеріп отыр. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек Абу-Даби қаласында өтеді. 


Дауыс беру үшін сілтемені бассаңыз болды. Сол жақтан кездесудің қалай аяқталатынын таңдайсыз. Немесе пікір ретінде жазуға да болады. 

31 жастағы Жұмағұлов аралас жекпе-жекте 16 кездесу өткізген. Оның 13 айқасында жеңіске жеткен. Үш рет жеңілген. Оның біреуі ғана мерзімінен бұрын аяқталған. Отандасымыз 13 кездесудің жетеуінде қарсыласын нокаутпен жеңген. Енді сол жеңістерді жіктеп көрсек. 

Мерзімінен бұрынғы жеңіс: бір нокаут, бір рет қарсыласы берілген, бес мәрте техникалық нокаут. 

Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс: төрт рет отандасымыз төрешілердің бір ауыз шешімімен және екі рет төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіске жеткен. 

Мерзімінен бұрынғы жеңіліс: бір рет техникалық нокаутпен жеңілген. 

Төрешілердің шешімімен тіркелген жеңіліс: екі рет төрешілердің шешімі бойынша жеңілген. 

24 жастағы Пайваның бұл UFC ұйымындағы төртінші кездесуі болмақ. Алғашқы екі кездесуінде ол жеңілген. Жалпы ұйымдағы бірінші айқасын 2019 жылы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілістің кермек дәмін татқан. 

Мерзімінен бұрынғы жеңіс: екі нокаут, екі техникалық нокаут және үш рет қарсылас берілген. 

Төрешілердің шешімімен тіркелген жеңіліс: он рет төрешілердің бір ауыз шешімімен және екі рет төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңген. 

Мерзімінен бұрынғы жеңілісі: бір рет техникалық нокаут, бір рет өзі берілген. 

Төрешілер шешімімен тіркелген жеңіліс: бір рет төрешілердің шешімімен жеңілген. 

Осылайша бұл жерден қазақстандық спортшының мерзімінен бұрын көп жеңгенін, ал қарсыластың төрешілер шешімі бойынша көп жеңіске жеткенін көруге болады. 

Егер екі спортшының соңғы бес кездесуін алатын болсақ, Жұмағұлов төрт рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілген. Ал оның қарсыласы үш рет жеңіп, екі рет жеңілген.