Нил Мэгни қазақ файтері Шавкат Рахмоновтан ауыр шықты

25 маусым 2022 01:54
©fighttime

Шавкат Рахмоновтың (15-0) қарсыласы америкалық Нил Мэгни (26-8) UFC Vegas 57 турнирінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Нәтижесінде Мэгнидің салмағы 77,564 келіні көрсетті. Рахмонов болса 77,337 келіні көрсеткен еді. Жартылай орта салмақтың талабы бойынша 77,110 келі болуы тиіс. Жекпе-жек титулды айқас болмағандықтан спортшыларға белгіленген салмақтан бір фунтқа (453) ауыр болуға рұқсат етілген.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport