Нидерландтық mmadna.nl порталының журналисті Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Шавкат Рахмонов (18-0) чемпиондық жекпе-жекке қашан шығатынын айтты.
"Рахмоновқа келесі жылға дейін чемпиондық жекпе-жек бермейді. Оған Эдвардстың титулды айқасы немен бітетінін күту керек. Егер шынайы қарасақ, оның чемпиондық жекпе-жекке шығатын уақыты - келесі жылдың көктемі. Бірақ ары қарай созудың мәнісі жоқ. Ол титулға айқасуға лайықты. Бастысы - деңгейді ұстап тұрып, шешуші кездесуге барынша дайын болу", - дейді Дорф.