"Намысыма тиді". Файтер саусағын шошайтып қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

3 қыркүйек 2020 12:10
Сурет: XSPORT.ua
Қырғызстандық ММА файтері Баяман Кулуев қарсыласына жекпе-жек үстінде ортаңғы саусағын шошайтқан, - деп хабарлайды Sports.ru

Оқиға бірнеше күн бұрын Ресейдің Иркутск қаласында өткен тунирде болды. Кулуев қарсыласы Александр Любарцевке ортаңғы саусағын көрсеткен. Люберцевтің назары соған ауған сәтте Кулуев аяқпен ауыр соққы жасап, оны нокаутқа түсіреді. 

"Намысыма тигені үшін (ортаңғы саусағымды шошайттым) бәрінен кешірім өтінемін", - деп жазыпты Кулуев Instagram желісінде.

Метки: