"Naiza" лигасы спортшыларының жалақысы белгілі болды

27 қазан 2022 15:49
©Naiza

"Naiza" лигасының президенті Нұрбек Қарабала "Baitassov Live" youtube-каналына берген сұқбатында спортшылардың жалақысы туралы айтып берді. 

"Әрбір спортшы қанша тұрса, сонша ақша алуы тиіс. Мәселен, кейбірі мықты болғанымен, оларды ешкім танымайды. Кейбірі керісінше, танымал болғанымен әлсіз болуы мүмкін. Жоғары жалақыны танымал әрі мықтылар алады. Біздің лигада 5+5 мың долларға тең келісімшарт болған", - деді ол Bassport.kz порталына. 

Айта кетейік, Naiza лигасының келесі турнирі ертең 28 қазан күні Алматыда өтеді. Кештің басты кездесуі Фаниль Рафиков пен бразилиялық Бонифаций Сильва арасында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: