"Нағыз қырғын салайық!". Қазақ файтер жеңілмеген дағыстандық чемпионды жекпе-жекке шақырды

14 қараша 2020 10:48

Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Данияр Қойшыбек (5-1) дағыстандық спортшы Ренат Хаваловты (3-0) жекпе-жекке шақырды. Хавалов UFC чемпионы Хабиб әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қол астында жаттыққан,- деп хабарлайды Vesti.kz

Arlan MMA Pro Team командасындағы 26 жастағы Данияр NFC лигасының чемпионы, ал 22 жастағы Хавалов биыл шілдеде GFC промоушенінің чемпиондық белбеуін жеңіп алған. 

"Баршаңызға ассалаумағалейкум!
@gfc_mma_official чемпионы @renat_khavalov Ренат Хавалов бабында, Махачкаледегі Абдулманап Нурмагомедов мектебінде жаттығып, жекпе-жек күтіп жүр деген хабар келді.
Мен @nfc_qazaqstan чемпионымын және кез келген айқасқа дайынмын. Нағыз жекпе-жектерді сағындым. Екі чемпионы шаршы алаңға шығып, көпке дейін ұмытылмайтын нағыз қырғын неге салмасқа. Ренат, дайын болсаң, жауабын бер", - деп жазыпты Қойшыбек әлеуметтік жеілде.