Аустрия атынан өнер көрсететін тегі шешен Майрбек Тайсумов (27-6) "OCTAGON TV inc" арнасына берген сұхбатында UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (16-0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ол да шынын айтқанда, нағыз жыртқыш. Жақсы жұдырықтасты. Кейінгі айқасы тіпті бомба. Өте талантты жігіт расында. Шығады да, өзінікін жасайды", - дейді Тайсумов.