"Мықты қазақи мінезі бар". "Найман" Жұмағұловтың әлемдік промоушенде жұлдызы жанатынына сенімді

22 қазан 2019 09:44
© Fightnight.ru
Танымал қазақстандық ММА файтері Қуат Найман Хамитов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өз отандасы Жалғас Жұмағұловтың Сочидегі Fight Nights Global 95 турнирінде жеңіске жеткені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кештің басты кездесуінде ол ресейлік Али Багаутиновты төрешілер шешімімен жеңіп, аса жеңіл салмақта ұйымның чемпионы атағын қорғап қалды.

"Жекпе-жек біз күткендей болды. Мен залда отырдым. Сонда жиналғандардың жартысы Қазақстаннан болды. Жағдай ушығып кетер ме деп алаңдады. Қарсыластар да мықты. Бастапқы екі раундты Али алды.Үшінші раундта төрешілер тең баға берген, соңында Жако жеңді. Ол чемпион болған соң, оған сондай жағдай жасалды. Жалпы турнир маған ұнады", - деді Хамитов.

Хамитов Жұмағұловтың болашағы туралы да тоқтала кетті. "Ол - таңғаларлық спортшы. Ол әрдайым жақсы формамен шығады. Табиғи таланттан мақұрым емес. Оның мықты қазақи мінезі бар. Менің ойымша, Жако - UFC ұйымында өнер көрсетуге әбден лайықты спортшы. Ол сонда бірінші болып баруы керек еді. Дәл қазір барса жаратын еді", - деді Найман.