"Мықты жігіт, бірақ, мен 10 баламды асырауым керек". Жеңілмеген қазақстандық спортшының қарсыласы

Сурет: Fightnews.info
Бразилиялық файтер Алекс Оливейра 24 қазан Абу-Дабиде өтетін UFC 254 турниріндегі қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен не күтетінін айтты. 

"Мықты жігіт екенін білемін, жеңілмеген, әзірге оны ешкім танымайтынын да, дегенмен, бұл айқасты қабыл алдым, өйткені бір кездері соның орнында болғанмын. Мені де бұрын ешкім білмейтін, егер Гилберт Бернс менімен жұдырықтасуға келіспесе, UFC-де болмас едім. Оның үстіне он балам бар, оларды асырау керекпін. Осы жігітпен жекпе-жекке шығамын, содан кейін маған Чимаев керек", - деп береді бразилиялықтың сөзін ММАfighting.com. 

Бастапқыда қазақстандық спортшы бразилиялық Элизеу Залескимен шығу керек болған, алайда, ол жарақат алып қалды. Енді оның орнына "Ковбой" лақап атты басқа бразилиялық Алекс Оливейра белгіленді.