"Мықты болсаң Бразилияға кел, сосын сені сабаймын". Хабибтің титулын иеленген чемпион МакГрегорге

16 мамыр 2021 18:49
Сурет: AllBoxing.ru

Бразилиялық файтер Чарльз Оливейра өзін құттықтаған Конор МакГрегордің сөзіне жауап қайтарды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

"Оливейраны жеңіл салмақта UFC ұйымының 11- ші чемпионы болуымен құттықтаймын. 12-ші кім болады екен..." - деп жазыпты ирландиялық "Твиттерде".

"Конор, одан да Порье туралы ойла, содан кейін бәрін талқылаймыз. Ондай мықты болсаң, алдымен Порьені жең, содан кейін Бразилияға кел, сосын мен сені сабаймын! Бұл көп сөйлегенді ұнантатын жігіттердің бірі ғой", - деп береді Оливейраның сөзін bjpenn.com.